+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Маңғыстау: Жедел жәрдем көліктері 100 пайыз жаңартылды

2020 жылғы 23 қараша 14:39
Бөлісіңіз:
Маңғыстау: Жедел жәрдем көліктері 100 пайыз жаңартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов журналистерге арналған баспасөз мәслхатында коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына белсенді дайындық барысында аймақтағы медициналық ұйымдарда материалдық-техникалық базалардың барынша жасақталғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда коронавирустың өршуіне карантинді елемейтін тұрғындар себеп болып отыр Коронавируспен ауырған науқасты емдеуге қанша қаражат кетеді Батыс Қазақстанда 60-қа жуық баладан коронавирус анықталды

Пандемияның екінші толқынына дайындық барысында соңғы үлгідегі 200 төсек орынмен жабдықталған модульдік стационар ашылды. Қосымша 11 инфекциялық стационар толығымен жабдықталып, резервте дайын тұр. Онда 2 452 инфекциялық және 131 реанимация төсек-орыны бар. 7 компьютерлік және 4 магниттік-резонансты томограф алынды. 2 жылжымалы медициналық кешен, 1 көшпелі зертхана бар.

«Медицина ұйымдары 260 ӨЖЖ аппаратымен және 638 оттегі концентраторымен толықтай қамтылды. Ең бастысы облыстағы жедел-жәрдем авто паркі 100 пайыз жаңарып, 85 санитарлық көлікпен толықты. Қазір Маңғыстауда жағдай тұрақты. «Жасыл» аймақтамыз. Індет жұқтырушылардың санын арттырмай, жағдайды барынша бақылауда ұстап отырмыз. Ол үшін облыс көлемінде арнайы мониторинг топтары құрылып, тамыз айынан бері 800-ге жуық рейд шаралары ұйымдастырылды. Осындай қатаң карантин шараларының арқасында өңірдегі жағдай бақылауда», -деді облыс әкімі С.Трұмов.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT