Маңғыстау жастарынан Президенттік кадрлық резервке өтінім қабылдау басталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталды. Бұл туралы Өңірлік коммунникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті басшысының орынбасары Қайрат Бәйгебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды. Оны қолдану жеңіл әрі өте ыңғайлы.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысты мағлұматты сайттың басты бетіндегі инфографикадан білуге болады. Онда іріктеуге кімдер қатыса алатындығы, уақыты мен іріктеу кезеңдері жазылған.

Тіркеу тәртібі барынша жеңілдетілген.

«Үміткерге міндетті түрде өзінің жеке мәліметтерін, аты-жөнін, тегін, ЖСН, іріктеу кезеңдерінен өтуге қолайлы тілді таңдап өзінің ұялы телефоны мен электрондық поштасын көрсету қажет. Сонымен қатар, ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келісіммен танысып, тиісті талаптарды қабылдауы керек. Талаптарды қабылдамайынша үміткер Президенттік жастар кадр резервіне қатыса алмайды», - делінген Өңірлік коммунникациялар қызметі таратқан ақпаратта.

Кадрлық резервке алыну үшін үміткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz. сайтына тіркелу қажет.


Соңғы жаңалықтар