Маңғыстау және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстау және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

25 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлеріне найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі. Ақтау қаласында 25 сәуірде түнде және таңертең тұман түседі. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

25 сәуірде Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, оның күші 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.

26-27 сәуір күндері түнде кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады. 26 сәуір күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, оның күші 15-20, кей жерлерде 25 м/с-ке жетеді.

Қостанай қаласында 25 сәуір күндіз солтүстік-батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін. 26-27 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні 15-20 м/с болады.

Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

Соңғы жаңалықтар