Маңғыстау тұрғыны оны беделді компанияға жұмысқа орналастыруды уәде еткен алаяққа 2 млн. теңге берген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы Шайыр ауылының тұрғыны оны беделді компанияға жұмысқа орналастыруды уәде еткен танысына ірі көлемдегі ақша сомасын берді. Танысының ақшаны алып, жоғалып кеткен соң, жәбірленуші полицияға шағымданып келді, деп жазады lada.kz.

Облыстық ІІД-нің мәліметтерінше, Маңғыстау ауданының 31 жастағы тұрғыны Ақтау қаласының тұрғыны болып табылатын танысымен ағымдағы жылдың ақпан айында келісім орнатты. Ауылдасын «ОСК» компаниясына жақсы қызметке орналастыруды уәде еткен 32 жастағы К. есімді азамат сол үшін 2 млн. теңге беруін сұраған. Оған келіскен ер адам 22 ақпанда «жанашырының» қолына барлық соманы ұстатты.

«Алайда ауыл тұрғыны бес айға жуық уақыт өткенімен, келісілгенге қол жеткізе алмады, ақшасын қайтармақшы болғанымен, танысы онымен кездесуден қашқақтап жүрді. Сонда жәбірленуші полициядан көмек сұрап келген», - деп баяндады ІІД баспасөз қызметінің басшысы Әлия Шермағамбетова.

ІІБ-ның қызметкерлері күдіктінің алаяқтық қылмысын орнатты, қазіргі кезде ол ешқайда кетпеу туралы қолхатын толтырды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың наурыз айында Мұнайлы ауданының Дәулет кентінің тұрғыны алаяққа басқа беделді компанияға орналастыруы үшін 2 миллион теңге берді. Аталған фактімен Ақтау қаласының 34 жастағы тұрғыны сотталып, жәбірленген ер адамға әзірге ақшаның бір бөлігі ғана қайтарылған.

Соңғы айда алаяқтықтың осындай фактілері туралы 30-дан астам адам өтініш жазған, деп атап өтті облыстық ІІД-нен.

Соңғы жаңалықтар