Маңғыстау тұрғыны Lima бағдарламасы арқылы үйінде құмар ойынын ұйымдастырған

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының тұрғыны «Lima» бағдарламасы арқылы құмар ойындарын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заңсыз ойын бизнесінің қауіпті салдарының бірі - құмар ойындарға психикалық тәуелділіктің дамуы.

Бұл ретте интернет желісі арқылы жеке тұрғын үйде құмар ойынын өткізу деректері жиілеп кетті, олар кез келген жастағы және әлеуметтік санаттағы ойыншыларға қолжетімді.

Қаржылық мониторинг агенттігі Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырғаны үшін облыс тұрғыны Е.Балайхановты ұстады.

Азамат Е.Балайханов өз пәтерінде «Lima» бағдарламасы бойынша интернет арқылы лотерея түріндегі дербес компьютерлерді орната отырып, заңсыз ойын мекемесін ұйымдастырды.

Әрі қарай ол азаматтардан ұтыс тігу сомаларын алып, заңсыз пайда тауып отырған.

Ол 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Алынған заттай дәлелдемелер жойылды.



Соңғы жаңалықтар