Маңғыстау тұрғындары тасаттық жасады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін маңғыстаулықтар Тәңірден жаңбыр тілеп, теңіз жағасында тасаттық жасауға жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жауын тілеуге Ақтау қаласындағы Амфитеатр алаңына 3 мыңнан астам адам жиналды. Облыстық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов жиналғандарға жаңбыр тілеу намазының мән-мағынасын түсіндіріп өтті.


Бұған дейін Әнуар Елжанов тұрғындарды Маңғыстау өңірі үшін Алладан жалбарынып жауын тілеп, Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйреткендей, арнайы дұға жасауға шақырған болатын.



Еске сала кетейік, өткен жылы Маңғыстау облысында құрғақшылық күшейіп, шаруа қожалықтарына қатты әсер еткен болатын.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңесте қуаңшылық кезінде ауыл тұрғындарына не қажет екеніне ешкім бас қатырмағанын баса айтқан еді.

Наурыз айында өткен Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев берген мәліметке сәйкес, қуаңшылыққа қарсы шараларға 20 млрд теңге бөлінуі мүмкін.



Соңғы жаңалықтар