Маңғыстау түлектеріне қосымша 6 мың білім гранты бөлінді

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Республикалық білім гранттарымен қатар, Атырау және Маңғыстау облысының түлектеріне қосымша 10 мың грант бөлінді. Бүгін қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте бірнеше оқу орнының өкілдері таныстырылым жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған дейін, Маңғыстау түлектері үшін еліміздің 43 беделді жоғары оқу орнына педагогика және техникалық мамандықтарға 6 000 білім гранты тағайындалғаны хабарланған.

Бүгін брифингте Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi, Сүлейман Демирел атындағы университеті (Алматы), А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Логистика және көлік академиясы, Павлодар педагогикалық университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің өкілдері келді.

Олар жоғары оқу орындары туралы ақпаратпен таныстырды.

Мәселен, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті 5 мамандыққа бөлінген гранттарды атап өтті.

- Маңғыстау облысының түлектеріне арналған 5 білім тобына ақпараттық технологияларға – 15 орын, электр техникасы және энергетика – 19 орын, электр техникасы және автоматтандыру – 19 орын, механика және металл өңдеу – 15 орын, автокөлік құралдары – 6 орын, азық түлік өнімдерінің технологиясы – 10 орын бөлініп отыр. Білім алушыларды әлеуметтік-тұрмыстық қолдау мақсатында 10 студенттік үй қызмет көрсетеді, - деді Жансая Төкенова.

Ал, Сүлеймен Демирел университетіне Атырау-Ақтау квотасы бойынша 56 грант бөлінген.


Соңғы жаңалықтар