Маңғыстау трассасында қалың қардан кептеліс туындады

None
None
БЕЙНЕУ. ҚазАқпарат – Қалың жауған қар Маңғыстау облысының Бейнеу ауылына жақын маңда көлік коллапсын тудырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік кептелісіне тап болған жүргізушілер әлеуметтік желіде видеолармен бөлісуде.

Видео авторларының бірі жол үстінде көптеген жүк көліктері тізіліп тұрғанын, қозғалысқа молынан жауған қар кедергі келтіргенін айтуда.

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, жүк көліктерін қар құрсауынан шығаруға «Қазақавтожол» өкілдері көмектесуде.

Соңғы жаңалықтар