Маңғыстау полициясында 30-дан астам жұп қызмет атқарады

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облыстық Полиция департаментінде және оған қарасты қала және аудандық полиция бөлімдерінде 30-дан астам полицей жұп қызмет атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұптардың кейбірі қызмет аясында жүріп, танысып, табысқан.

Полицей жұптардың өзге де отбасылық жұптардан ерекшелігі – олар отбасы жайлылығын сезініп, тұрмыс жағдайларын бірге шешіп қана қоймай, қиын да ауыр қызметті қатар атқарады. Мұндай отбасында өскен жұптардың балалары да қатал тәртіп пен отансүйгіштік, адалдыққа ұмтылып өседі.

«Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. Отбасы – мықты мемлекеттің негізі. Маңғыстаулық полицейлер барша қазақстандықтарды 15 мамыр – Халықаралық отбасы күнімен құттықтайды. Әр үйде бейбітшілік, жақсылық, қуаныш пен бақыт орнасын», - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар