Маңғыстау полицейлері 900 келіден астам бекіре етін тәркіледі

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Балықтар Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылындағы үйлердің бірінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпы салмағы 971 келіні құрайтын бекіре тұқымдас балықтарды табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері тауып, 6 мамырда 18:00-де тәркіледі.

«224 бекіре етін Сайын Шапағатов ауылындағы үйлердің бірін тексеру кезінде таптық. Бұл факті Түпқараған аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар