Маңғыстау өңіріне жапон туристерінің қызығушылығы артып келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжаунова «Mangistau tourism workshop» форумында киелі өңірге туристер ағыны неліктен артып келе жатқанын айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, Маңғыстау өңірінде туризмнің барлық түрін дамытуға толық мүмкіндік бар.

«Ақтаудағы Теңіз портын Қазақстандағы теңіз қақпасы деп те атайды. Өйткені, дәл сол жерден шикі мұнай өнімдерінің тасымалы жүзеге асады. Біздің қыстыгүні қатпайтын Каспийіміз тәулігіне 24 сағат, жылына 12 ай бойы тоқтамай жұмыс атқарады», - дейді Гүлжан Байжаунова.

Оның айтуына қарағанда, облыс орталығынан жолға шыққаннан кейін Бекет ата, Шопан-ата, Шақпақ ата секілді қастерлі орындарды аралап қайтуға болады. Маңыстауда 362 киелі орын бар. Сондай-ақ, Гүлжан Байжаунова Үстірт мен тарихы тереңдегі Қызыл қаланың тарихынан сыр шертіп, Ұлы Жібек жолы дәл осы өңірді кесіп өткенін тілге тиек етті. Бір қызығы, Күншығыс елінің туристері Маңғыстау өңіріне ерекше қызығушылық танытады екен.

«Үстірт шоқысының батыс кертпешіндегі ең көркем әрі көруге тамаша жері - Бозжыраға жыл сайын Жапониядан 300 турист келеді. Жалпы, басқа елдердің туристерінің Маңғыстау өңіріне жасаған сапарлары жиілей түсті. Олар «біз мұндағы әлемнің кез келген нүктесінде қайталана бермес таңның атуы мен күннің батуын өз көзімізбен көргіміз келеді» деп айтады», - дейді басқарма басшысы.  

Соңғы жаңалықтар