+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Маңғыстау өңірінде кен орындарын іздеуге инвестиция тарту қажет

2021 жылғы 22 қыркүйек 19:02
Бөлісіңіз:
Маңғыстау өңірінде кен орындарын іздеуге инвестиция тарту қажет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында кен орындарын игеру жұмыстарына жергілікті компаниялар мен кадрларды барынша тарту маңызды. Бұл туралы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында инфекциялық стационарлардың саны 2 есе қысқарды

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, ҚР Президенті кеңес барысында мұнай-газ саласын одан әрі дамыту, соның ішінде өңірдегі жаңа кен орындарын игеру мәселесін көтерді. Осы ретте, Мемлекет басшысы жалпы құны шамамен 5 миллиард доллар болатын «Қаламқас теңіз» және «Хазар» ірі кен орындарын игеру жұмыстарын бастау жөніндегі шешімін еске салды. Президент кен орындарын игеру жұмыстарына жергілікті компаниялар мен кадрларды барынша тартудың маңызды екенін атап өтті.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай кен орындарының бірте-бірте тозуына, 2030 жылға қарай өндірілетін мұнайдың азаюына байланысты проблеманы да қозғады. Аталған мәселені шешу үшін Президент геологиялық барлау және жаңа кен орындарын іздеу бағытына белсенді түрде инвестиция тартуға шақырды. Бұл жұмыстарды атқару барысында жыл соңына дейін құрылатын Ұлттық геологиялық қызмет маңызды рөл атқаруы тиіс.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT