Маңғыстау өңірінде 560 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында жыл басынан бері несиелік пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде жеке кәсіпкерлердің 560 жобасы мемлекеттік қолдауға ие болды. Бұл туралы өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Damu» қоры Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында кешенді және тиімді қолдау құралдарын іске асыру арқылы Қазақстанда микро, шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуында белсенді рөл атқарып келеді.

«Осы уақытқа дейін «Damu» қоры өңірдегі жеке кәсіпкерлердің 2700-ден астам жобасына, жалпы сомасы 251 млрд теңгеден астам несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша қолдау көрсеткен», - делінген мәліметте.

Өңірде бизнесті қолдау бағытында мемлекеттен беріліп отырған мүмкіндіктер тиісті деңгейде пайдаланылып келеді. Айта кетсек, бизнес бастағысы келетін Ақтау қаласының 260 тұрғынына мемлекеттен гранттар берілген еді.


Соңғы жаңалықтар