Маңғыстау облысының жол полициясы 20 жылдығын атап өтті

None
None
  АҚТАУ. 23 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысының жол полициясы құрылғанының 20 жылдығын атап өтті.

Бұл мерейтойға арналған мерекелік концертте қызметтің қалыптасуына елеулі үлес қосып, онда ерен еңбегімен көзге түскен жол полициясының қызметкерлеріне ғана емес, облыстың мемлекеттік автомобильдік инспекциясының негізін қалаған ардагерлерге де құрмет көрсетілді. 10-нан астам адам басшылықтан алғыс хаттарын алды.

Жол сақшыларын Маңғыстау облыстық ІІД-нің бастығы Мейірхан Жаманбаев та құттықтады.

«Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық, табыс, бақыт тілеймін», - деп ол өзінің ізгі тілектерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар