Маңғыстау облысының жастар саясаты басқармасына жаңа басшы келді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Басқарманың жаңа басшысы болып Батырхан Қуанышбеков тағайындалды. Батырхан Қуанышбеков Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Құқықтану» және «Туризм» мамандықтары бойынша екі жоғары білім алған.

Еңбек жолын 2012 жылы Ақтау қаласы әкімі аппаратында іс жүргізуші болып бастаған.

2014-2022 жылдар аралығында Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасында инспектор, талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы, талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Нұрлан Ноғаев жаңа басшыға сәттілік тілеп, Батырхан Қуанышбековке жастар саясаты саласын дамытуға қатысты бірқатар нақты міндеттер қойды.


Соңғы жаңалықтар