Маңғыстау облысының түзеу мекемелерінде 21 бейнетаспа орнатылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Өткен жылы Ақтауда соңғы үш жылмен салыстырғанда көп бейнетаспа орнатылған. Егер бұған дейін 53 бейнебақылау таспасы орнатылса, 2014 жылы облыс орталығында қосымша тағы 40 таспа пайда болды.

«Өткен жылы Маңғыстау облысында 58 бейнетаспа орнатылған - оның 40 данасы Ақтауда, тағы 18-і Жаңаөзен қаласында қойылды. Енді бұл іс түзеу мекемелерінде қолға алынуда. Оларда 21 таспа орнатылды, мұндағы мәліметтер ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына келіп түседі», - деп баяндады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Маңғыстау облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Әлия Шермағамбетова.

Бүгінде облыста үш түзеу мекемесі бар: ГМ -172/1 (23 колония), ГМ-172/6 (69 колония) және ГМ-172/10 (тергеу абақтысы). Әрбір түзеу мекемесінің жеті нысанына бейнебақылау орнатылған.

«Бейнетаспалар бірінші кезекте түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттардың өткізілуіне жол бермеу үшін өте қажет», - деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Тимур Гашимов.

Соңғы жаңалықтар