Маңғыстау облысының туристік төлқұжаты әзірленді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында, бірегей бренд-бук жасақталып, логотипі әзірленді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Бренд-букта Ақтау қаласының туристерге арналған жолкөрсеткіші, шахардың туристік картасы мен теңіз жағалауы жағажай аумағының картасы жасақталды. Сондай-ақ, буклетте өңірдің және Ақтау қаласының ТОП 10 көрікті жері, қызмет көрсететін мекемелері т.б. ақпараттар орналасқан.

Маңғыстау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтау автобус маршруттары, суретке түсетін орындар, кеме саяхаттау аялдамалары, демалыс орындарының ақпараты — барлығы дерлік орналасқан. Ақтау қаласының әуежайында қонақ үйлерінде ақпараттық тақташалар орналастыру жұмыстары басталды. Ақпараттық тақташаларда туристтік операторлар өздерінің тур маршруттарын ұсынатын болады.

«Visitmangystau.kz» сайты, Инстаграмм, Фейсбук парақшалары іске қосылды, мұнда Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының көрікті жерлері, туристерге қажетті барлық ақпарат енгізілген және жыл ішінде ақпаратпен толықтыру жалғастырылады. Сонымен қатар қаладағы аялдамаларда аймақтың, шахардың көрікті жерлері туралы ақпараттарды орналастыру ұсынылды. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» мекемесінің Ақтау-Әуежай бағытындағы жолаушылар автобусына, жаңадан келетін автобустарға безендіру ұсынылады.

Сонымен қатар, Ақтау-Әуежай бағытындағы жолаушылар автобусын, жағажай аумағына дейін созу жұмыстары жүргізілуде.

Туризм саласындағы тың идеяларды облыс әкімдігі әрқашан қолдауға дайын екендігін, туристік жобалардың бастамашыларына барынша көмек көрсетілетіні айтылды.


Соңғы жаңалықтар