Маңғыстау облысының тұрғыны ауылда такси қызметін ашуға грант жеңіп алды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Құрық ауылының 5 тұрғыны жеке бизнестерін ашу үшін әрқайсысы 750 мың теңге мөлшерінде грант жеңіп алды. Қаражат оларға өтеусіз негізде берілген.

Грант иелері Еуразиялық Орталық Азия (ФЕЦА) қорымен бірлесіп ERSAI компаниясымен ұйымдастырылған жергілікті тұрғындардың үздік бизнес жобаларына арналған байқаудың жеңімпаздары атанды. Байқау алдында ауылдықтар үшін арнайы 6 күндік курс ұйымдастырылды. Кәсіби мамандар оларға бизнестің негіздері туралы дәрістер оқыды.

«Осы уақыт ішінде 18 жас кәсіпкер жеке бизнесін жүргізу үшін басты табысты не құрайтынынан хабардар болды, маркетинг ережесін игерді. Олардың жобалары үздік идеяларды қаржыландыратын байқауға ұсынылды», - деді «ERSAI Caspian Contractor» ЖШС сапа жөніндегі үйлестірушісі Дана Қонысова.

Ұйымдастырушылар 750 мың теңгеден небәрі үш жобаға қаржы бөлуді жоспарлаған. Нәтижесінде ұсынылған 9 жобадан 5 жеңімпаз шықты. Байқау жеңімпазы Амандық Мырзабеков алған грантына үй жағдайында бөдене жұмыртқасын өндіруді ұйымдастырмақ ниетте.

Байқауда жеңіске жеткен басқа жобалардың ішінде тігін цехы да бар, онда киізден жасалған бұйымдар шығарылмақ. Сондай-ақ сұлулық салоны, Құрық ауылында аяқ киім шеберханасы және ауылда бұған дейін болмаған такси қызметі ашылмақ. Аталған жобаларды іске асыру арқылы 20-ға жуық жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылмақ.

Соңғы жаңалықтар