Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында екі әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында бірден екі нысан: «Қолжетімді баспана» бағдарламасының аясында салынған 48 пәтерлі үй мен Баутино ауылы әкімдігінің әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді.

Жергілікті мемлекеттік басқарма мен өзін-өзі басқаруды дамыту аясында 2013 жылдан бері ауыл әкімдеріне бірқатар маңызды функциялар тапсырылғаны белгілі. Өткізіліп отырған әкімшілік реформаның нәтижесінде ауыл әкімдерінің елді мекенді аумақтық дамыту мәселелерін шешудегі, сондай-ақ басшылардың есеп беруі мен жауапкершілігі күшейді.

«Елді мекенде әкімшілік ғимаратты салу бастамасын ауыл тұрғындары алға тартты. Бұл ғимаратта ауыл ардагерлері кеңесінің жұмысына арналған бөлме қарастырылған. Баутино ауылы әкімдігінің ұжымына тұрғындардың әл-ауқатын жақсартып, елді мекенді гүлдендіру үшін күш-жігері мен бар тәжірибесін жұмсау міндеті тұр. Барлықтарыңызға Мемлекет басшысының міндеттері мен тапсырмаларын орындау ісінде табыстар тілеймін!», - деді облыс әкімі Алик Айдарбаев салтанатты рәсімде.

Түпқараған ауданына жасаған жұмыс сапарының барысында аймақ басшысы Форт-Шевченко қаласында 550 орындық мектеп пен 120 адамға арналған жатақхананың құрылысында болып, сондай-ақ осы жылдың қараша айында Ақшұқыр ауылында ашылған 960 балаға арналған мектеп-интернатының жұмысымен танысты.

Соңғы жаңалықтар