Маңғыстау облысының Шебір ауылында мәдениет үйі ашылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы Маңғыстау ауданының Шебір ауылында мәдениет үйінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді, оның ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева қатысты.

Ғимаратты салу үшін облыстық бюджеттен 138 млн. теңге бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауда «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» жер қойнауын пайдаланушы компаниясы қаржылық көмек көрсетті. Заманауи аппаратурамен жабдықталған клубтың мәжіліс залына бір мезетте ауылдың 200 тұрғыны сияды.

Бүгінде ауылдық клубта құрамында 166 қатысушы бар бес шығармашылық ұжым орналасқан. 2012 жылы Шебір ауылының клубы «Үздік ауылдық клуб» облыстық байқауының жеңімпаздары үштігіне кірген. «Маңғыстау облысында 117 мәдениет ошағы жұмыс істеуде. 2014 жылы мәдениет саласын дамытуға облыстық бюджеттен 2,4 млрд. теңге бөлінген болатын», - деді ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Бану Нұрғазиева.

Соңғы жаңалықтар