Маңғыстау облысының мешіттерінде 300 бала сауат ашу лагерінде болды

None
None
АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Жаз маусымында Маңғыстау облыстық орталық мешітінде, Мұнайлы аудандық «Ар- Рахман» мешітінде,

Ақтау қалалық мешіті және Маңғышлақ мешітінде балаларға арналған жазғы сауат ашу лагері ұйымдастырылған болатын. Бір ай бойы үш жүзге жуық бала Ислам әдептерін, Исламдағы парыздар, Құран әліппесі, дұғалар секілді рухани азық берер пайдалы дәрістермен сусындап, білім алды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының muftyat.kz сайтынан хабарланды.

Лагерьде балалардың білім алып қана қоймай, дене шынықтырып, салауатты өмір салтын ұстануына да көңіл бөлінді. «Ар -Рахман» мешітіндегі шәкірттер Маңғыстау облысындағы тарихи ескерткіштерге саяхат жасаса, Ақтау қалалық мешітіндегі қыз балалар қаланың көрікті жерлерін аралап, бой жазып ұстаздары Ақмарал Қазиевамен бірге уақыттарын көңілді өткізді. Ал Маңғышлақ мешітіндегі бала шәкірттер ұстаздарымен бірге футбол, волейбол ойнаудан жарыс ұйымдастырды. Естен кетпес қызықты күндерінің куәсі болған бір айлық лагерьдің соңғы аптасында балалардан оқып үйренген сабақтары бойынша емтихан алынды. Жас өрендердің Исламға деген құштарлығы сынақта анық көрінді. Жаттаған, үйренген дүниелерін айтып, бір - бірімен жарыса тіл қатқан балалардың көбісі үздік деген бағаға лайық болды.

Лагерьдің қоштасар сәттінде өкіл имам Т.Мырзаев мерекелік дастархан басында балалармен жүздесті. Шара барысында қыз балалар иләһи өлеңдер айтып, жиналғандарды бір серпілтіп тастады. Бір ай бойы Құран аяттарын жаттаған ұлдар өздерінің үйренген сүрелерін айтып көпшілікті риза етті. Балалардың барлығына арнайы сертификат тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар