Маңғыстау облысының коменданты Төтенше жағдайды енгізудің мақсатын түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев өңір тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің облысымызда ерекше құқықтық режим белгіленген төтенше жағдай енгізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мен Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев Маңғыстау облысының коменданты болып тағайындалдым. Төтенше жағдайды енгізудің мақсаты - тиісті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай кезінде бірқатар уақытша шектеу енгізілді. Енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Бұл сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін жасалады. Сіздерге арандатушыларға ермеулеріңізді және тәртіп бұзушылықтарға жол бермеулеріңізді сұраймын», -деді Жанарбек Бақтыбаев үндеуінде.


Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұған дейін Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілді.
Соңғы жаңалықтар