Маңғыстау облысының инфекциялық стационарларында 58 науқас жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында 13 қазандағы жағдайға сәйкес, I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 58 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Облыстың Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 58 науқастың 9-ында коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен. Бұдан бөлек, жансақтау бөлімінде 3 науқас жатыр.

Облыс көлемінде 215 І-ІІ сатылы инфекциялық төсек-орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны – 43.

«COVID-19» індетіне шалдықпағаны туралы анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек-орын бар. Қазір ол жерде 3 адам ПТР-тестінің қорытындысын күтуде.

Ал, бүгін облыстың бас санитар дәрігері Ғазиз Надуев Маңғыстау облысында коронавирусқа шалдыққандар саны артатын болса, карантин талаптары күшейтілетінін мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар