Маңғыстау облысының білім басқармасына жаңа басшы келді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Светлана Түлебаева Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Светлана Дүмбайқызы 1967 жылы Маңғыстау облысында туған. Білімі жоғары.

1988 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Жетібай ауылында №8 орта мектептің физика пәні мұғалімі болып бастаған.

Кейінгі жылдары Ақтау қаласының №24 мектебінде, экономикалық лицейде физика пәнінің мұғалімі, экономикалық лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, экономикалық лицейдің директоры қызметтерін атқарды.

2014 жылдан осы уақытқа дейін Ақтау қаласы білім бөлімінің басшысы лауазымында болды.


Соңғы жаңалықтар