Маңғыстау облысының Ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы келді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Қазбек Тәшімов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​Қазбек Тәшімовтың құқықтану және ветеринарлық-санитария мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. 20 жылдық еңбек өтілінің 14 жылында ауыл шаруашылығы мен ветеринария саласында қызмет етті.

​Тәшімов аудандық ветеринария бөлімінің басшысы, облыстық ветеринария басқармасының басшысы болып еңбек еткен. Соңғы атқарған қызметі – Батыс Қазақстан облысының Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары.

​Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыс активі мен Ауыл шаруашылығы басқармасының ұжымына жаңа басшыны таныстырып, өңірдегі ауыл шаруашылығы саласы тың серпін мен жаңа тәсілдерді енгізуді қажет ететінін атап өтті.

​Өңір басшысы сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласына қатысты жауапты тұлғалардың алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.


Соңғы жаңалықтар