Маңғыстау облысының ардагерлері 2015 жылғы Жеңіс күніне қарай 200 мыңға жуық теңге алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы Жеңіс күніне қарай Ұлы Отан соғысының ардагерлері 200 мыңға жуық теңге алады, деп хабарлады Маңғыстау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Гүлмира Қалмұратова.

«Ардагерлер мен оларға теңестірілген адамдарға 9 мамырға қарай облыстық және республикалық бюджеттен көмек көрсетіледі. Ардагерлерге 200 мыңға жуық теңге көлеміндегі қаражат беріледі. Бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен қосымша 240 миллион теңге бөлінген. Барлық мәселелерді бірден шеше алмаймыз, бюджет шектеулі, сондықтан мұнда «мұқтаждық бойынша» принципі жұмыс істеуде. Бірақ ардагерлерге қолдау көрсетуіміз керек. Бүгін біз үшін оларды жүзпайыздық коммуналдық төлемдерден босату мәселесін заңды түрде шешу оңай емес. Бірақ мен қандай да бір ардагердің өмірлік жағдайының қиындауы кезінде бізде әрқашан қолдануға болатын біржолғы қосымша көмек бар екенін кепілмен айта аламын. Оны тіркелген мекен-жай бойынша қалалық жұмыспен қамту бөліміне барып алуға болады. Бұл мақсаттарға бір миллиард теңгеден асатын тиісті қаржылық ресурстар қарастырдық», - деп атап өтті Гүлмира Қалмұратова.

Маңғыстау облысында әлжуаз контингент құрамына кіретін шамамен 50 мыңнан астам адам тұрады. 2014 жылы барлық топтағы мүгедектерге көмек көрсету үшін бір миллиардтан астам теңге бөлінген. Биылғы жылы алты мемлекеттік мерекеге орай материалдық көмек ретінде бес айлық есептік көрсеткіш (шамамен 10 мың теңге) көлемінде қаржы бөлінді. Бұл топқа мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен соғыс ардагерлері кірді, деп жазады Лада.кз .

Соңғы жаңалықтар