Маңғыстау облысының әкімдігінде 2 тағайындау болды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат –Бүгін Маңғыстай облысының әкімі Серікбай Трұмов аппараттық жиында әкімдікте жаңадан тағайындалған басшыларды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып Қуаныш Берішбаев тағайындалды. Сонымен қатар, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы қызметіне Әділов Мұрат тағайындалды.

Қуаныш Серікұлы білімі жоғары.

2006 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін инженер-механик, 2011 жылы экономист-менеджер мамандықтары бойынша тәмамдаған. 2015 жылы Алматы Менеджмент университетінің іскерлік әкімшілік магистрі академиялық дәрежесі берілді.

Еңбек жолын 2004 жылы Ақтау қаласындағы «СМК-4» ЖШС-да құрылыс шебері ретінде бастады.

2007-2009 жж. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның екі департаментінде жұмыс істеді.

2009 жылы Ауыл шаруашылық министрлігінің Ақтау қаласы аумақтық инспекциясында жетекші маманның міндетін атқарушы.

2009-2010 жж. - «Маңғыстау облысының әкімі» мемлекеттік мекемесінде ұйымдастыру-бақылау бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет етті.

2011-2012 жж. - Маңғыстау ауданы әкімінің аппарат басшысы.

2015-2016 жж. - Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2016-2017 жж. - Білім, мәдениет, ішкі саясат және сайлау мәселелері бойынша Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.

2017-2018 жж. - Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2018-2020 жж. - Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

Мұрат Маматұлы білімі жоғары «инженер – механик» және «заңгер» мамандықтарын бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінде жетекші маман қызметінен бастаған.

2007 – 2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша басқармасының бас маманы, кейін консультант, бөлім бастығы болды.

2013 – 2014 жылдары Алматы қаласының Статистика департаментінің кадрлық-ұйымдастыру және заң қызметі басқармасының басшысы.

2014 – 2020 жылдар аралығында Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының кеңсе меңгерушісі,кейін Алматы қалалық сотының сот приставы, бас маманы қызметтерін атқарған.


Соңғы жаңалықтар