Маңғыстау облысының әкімдігі алты жасар қызды зорлаған қылмыскер туралы ақпарат берген адамға 3 млн теңге бермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімдігі алты жасар қызды зорлаған қылмыскер туралы ақпарат берген адамға 3 миллион теңге награда тағайындады.

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әнуар Шөжеғұлов хабарлады.

«Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаеквтың төрағалығымен Жедел штабтың кезекті отырысы өтті. онда алты жасар қызды зорлаған күдіктіні ұстау бойынша қабылданған шаралар жайында баяндады. Әкім қылмыскерді ұстауға көмектескендерге 3 миллион теңге сыйақы тағайындауды тапсырды», - деді Ә. Шөжеғұлов. 

Бұдан басқа, бүгін Маңғыстау облысына республикалық санитарлық авиациямен нейрохирургия, нефрология және реаниматология саласындағы үздік мамандар келеді.

«Осы күндері дәрігерлер кейіннен қызды Астанаға жеткізу үшін оның жағдайының  оңалғанын күтті. Алайда оның жағдайы тұрақты ауыр. Қыз жолды көтермейді. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бүгін консультация жүргізу және одан әрі не істеу қажеттігін ақылдасу үшін жоғары білікті мамандар бригадасы келді», - деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Бану Нурғазиева.

Соңғы жаңалықтар