Маңғыстау облысының 32 тұрғыны мемлекеттік награда алды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай 32 адам еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, достықтың нығаюы мен халықтар арасындағы ынтымақтастыққа қосқан үлестері үшін Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың қолынан мемлекеттік наградалар: орден, медаль, төсбелгілерді алды.

Соның ішінде 25 адам наградаларды ҚР Президентінің 2014 жылғы 5 желтоқсанындағы №974 Жарлығына сәйкес алды.

«Біз біріккенде ғана ең амбициялық мақсаттарға қол жеткізіп, жеңіске жетіп, алға қадам баса алатымызды түсінуіміз керек. Барлықтарыңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, әрбір үй мен әрбір отбасыға амандық, молшылық, тыныштық пен бейбітшілік тілеймін», - деп атап өтті өз сөзінде А.Айдарбаев.

Шара барысында Ақтау қаласындағы «М.Өскенбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» МКҚК Абыл Тарақұлы атындағы ұлттық аспаптар оркестрінің солисі Жанқұл Тамара Асар, «Caspian Food» ЖШС қоғамдық тамақтандыру және сервистік қызмет көрсету басқармасының директоры (Ақтау қ.) Сәуле Исина, Ақтау қаласындағы «Өнер Әлемі» арт-галереясының директоры Айтбай Құлбай, Мұнайлы ауданындағы «№ 10 жалпы білім беретін орта мектеп» директоры Құралай Нұрманова, Ақтау қаласындағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» «МАЭК» ЖШС бас директоры Сәкен Өтебаев, Маңғыстау ауданының еңбек ардагері Оразғали Өтеулиев «Құрмет» орденімен марапатталды.

Облыстың аудандары мен қалаларында түрлі салаларда қызмет ететін тағы 12 адам «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды. «Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы» МКҚК бас дәрігері Жаңабай Оңайбаевқа «Шапағат» медалі табыс етілді. Облыстың тағы алты тұрғыны ҚР Құрмет грамотасына, екеуі - «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісіне, бесеуі - Маңғыстау облысының құрметті азаматы атағына лайық деп танылды.

Соңғы жаңалықтар