Маңғыстау облысының 300-ге жуық кәсіпкері «Ashyq» жобасының қатысушысы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ashyq» жобасы Маңғыстау облысының аумағында 21 сәуірден бері жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сантиарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 320 кәсіпкер «Ashyq» жобасына қатысуға өтініш беріп, олардың 299-ы QR-кодтарды жүктеген. Тағы 58 нысан аталмыш жоба аясында тест режимінде жұмыс істеп жатыр.

Жобаға қосылған нысандар кәсіпкерліктің барлық салаларын қамтиды.

Айта кетейік, бағдарлама енгізілген сәттен бастап өңірдегі «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда «сары» статусы бар 6 адам және «қызыл» статусы бар 17 адам анықталған»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар