Маңғыстау облысындағы жол-көлік апаты: төрт бала өте ауыр халде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау-Жетібай күрежолында болған жол-көлік апатында зардап шеккен, дзюдодан жарыстарға бара жатқан төрт бала өте ауыр халде.

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев балалар ауруханасында болып, олардың тезірек жазылып кетуі үшін барынша қажетті көмек көрсетілетінін айтты. ЖКА-да зардап шеккен балалардың ата-аналары Маңғыстау облысының әкіміне: «Балалар жарыстарға неге таксимен және сүйемелдеусіз жүруі тиіс?» және «Ақтау-Жетібай жолы қашан жөнделеді, оның бойында машиналар соғылып жатады?» деген сұрақтар қойды. А.Айдарбаев бұл факті бойынша тексру жүргізілетінін айтты, деп жазады  Lada.kz.

-  Біз тексеру жүргіземіз. Балалар неге таксимен шыққанын анықтаймыз. Қандай көмек қажет болса, жәрдем береміз», - деді ол.

19 тамызда Lada Largus және Toyota Fortuner  автомашиналары республикалық маңыздағфы Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен жолында шакмамен свағат 11.30-да 33-ші шақырымда орын алды. Жас спортшылар Lada Largus автомашинасында болды, олар Жетібайдан Маңғышлақ стансасына дзюдодан Астанада өтетіңн республикалық жарысқа шбара жатқан болатын.

Lada Largus  автомашинасының 45 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Toyota Fortuner автомашинасына соқтығысқан. Оның рулінде 41 жастағы Маңғыстауц облысының тұрғыны болған. Апат салдарынан Lada Largus машинасының жүргізушісі мен 13 жасар жолаушысы оқиғма орнында мерт болды. Тағы жеті адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Соның ішінде  жеті, 10, 11 және 14 жастағы төрт бала ауыр жарақат алып, Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына шұғыл жеткізілді.

- Қазір балаларға ота жасауда, олардың жағдайы ауыр, сондықтан да әзірге бірдеңе айту қиын», - деп түсіндірме берді медицина мекемесінде. Алдын ала ақпарат бойынша, үш бала ауыр жағдайда. Екі балаға ота жасалды.

Оқиғаның басқа да мән-жайы туралы ақпаратты Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті кейінірек жариялайды. 

Соңғы жаңалықтар