Маңғыстау облысындағы ауызсу мәселесі қалай шешіліп жатыр

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – «Астрахань-Маңғышлақ су құбыры» жаңарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңғырту жұмыстары екі кезең бойынша жүргізіледі. Алғашқы кезеңде құбырдың су көлемі 110 мың м3-тан 170 мың м3-қа дейін артады.

«Мемлекет басшысынң тапсырмасымен бұл құбырды жаңғырту жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде су құбырының қуаттылығын 110 мың м3-тан 170 мың м3-қа дейін жеткізілетін болады. Жұмыстардың жүзеге асуы нәтижесінде аталған елді мекендерді толықтай ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады»,- деді Маңғыстау облыстық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаров.

Жалпы «Астрахань-Маңғышлақ су құбыры» арқылы келген суды Бейнеу, Маңғыстау аудандары мен Қарақия ауданның Жетібай, Мұнайшы ауылдары, Жаңаөзен қаласының тұрғындары тұтынып отыр.


Соңғы жаңалықтар