Маңғыстау облысында жол-көлік апаттары екі есе артқан

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында жыл басынан бері 287 жол-көлік оқиғасы болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік апаты салдарынан өлім-жітім де артқан. Өткен сегіз айда 52 ересек және 10 бала қаза болған.

«Жалпы статистикаға келетін болсақ, былтырғы жылмен салыстырғанда адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғаларының саны 2 есеге көбейді. Оның ішінде кәмелет жасқа толмаған балалар зардап шеккен жол апаттары 5 есеге артып отыр. Талдаулар барысында анықталған барлық кемшіліктер, құқық бұзушылықтар бойынша прокуратураның қадағалау актісі енгізілетін болады», - деді Маңғыстау облысы прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының басшысы Мерген Меңдіғалиев жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінде.


Соңғы жаңалықтар