Маңғыстау облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 28 шілдеде «Ақтау-Бейнеу» р еспубликалық маңызы бар тасжолының 325-ші шақырымында болды.

«Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Онда Mercedes Benz S-320 автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан екі көліктің де жүргізуші, Lada Priora автокөлігінде болған екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы зардап шекті. Олар жақын маңдағы аудандық ауруханаға жатқызылды», - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Маңғыстау ауданының полиция бөлімшесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар