Маңғыстау облысында жол апатынан 1 адам мерт болып, бесеуі жарақаттанды

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында Жетібай-Шетпе тасжолының 96-шақырымында екі көлік соқтығысып, салдарынан 1 адам көз жұмды, тағы 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шетпе аулына келе жатқан УАЗ автокөлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Prado автокөлігімен соғысқан. Екі көлік те өртенген. УАЗ автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал 5 адам ауруханаға жеткізілді», - дейді Маңғыстау облыстық Полициясы департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды.




Соңғы жаңалықтар