USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

Маңғыстау облысында жергілікті полицияның 200 қызметкері кешенді оқытудан өтті

2016 жылғы 20 сәуір 16:15
Бөлісіңіз:
Маңғыстау облысында жергілікті полицияның 200 қызметкері кешенді оқытудан өтті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жергілікті полицияның 200 қызметкері кешенді оқытудан өтті. Бұл туралы бүгін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға арналған баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, жергілік полиция қызметтері барлық деңгейлерде құрылды. Маңғыстау облысында аталған полиция қызметкерлерінің саны 1020 адамды құрады. Осы орайда олардың тиімді әрі кәсіби жұмысы үшін жеке құрамды орналастыру, арнайы теникалық жабдықтармен және автокөлікпен қамтамасыз ету мәселелері жедел шешімін тапты.

«Кәсіби құзыреттілікті арттыру үшін және халық тарапынан сенімді нығайту тұрғысында барша деңгейдегі жергілікті полицияның 200 қызметкерін кешенді оқыту туралы шешім қабылданды»,-деп тоқталды ол.

Бұдан бөлек, А. Айдарбаев Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасының тиімділігіне тоқтала келе, бүгінде бұндай карта Ақтау мен Жаңаөзен қалалары бойынша әзірленгенін жеткізді.

«Картаны құру кезеңінде қазіргі кезде облыстағы өзге де ірі елді мекендер тұр. Нақты уақыт режімінде картада барлық патрульдер, полиция жасақтары көрсетіледі»,-деді әкім.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT