Маңғыстау облысында жедел-жәрдем қызметкерлері 2 жалақы көлемінде үстемеақы алады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында жедел-жәрдемнің барлық қызметкерлері 2 жалақы көлемінде үстемақы алатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығынан мәлім еткендей, қазір облыста шақыртуларға барлығы 46 жедел-жәрдем бригадасы жұмылдырылған. Қызметкерлердің жалпы саны – 663. Олардың барлығына екі айлық көлемінде үстемеақы беріледі. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 78 миллион теңге бөлінді.

Еңбекақыға қосымша бұл қаржы жедел-жәрдем қызметкерлерінің осыған дейін мемлекет тарапынан үстемақы алған, алмағанына қарамастан барлығына бірдей беріледі.

«Қауіпті індетпен күресуде тәулік бойы тынымсыз жұмыс істейтін жедел-жәрдем қызметіндегі дәрігерлер, фельдшерлер, санитар қызметкерлер мен жүргізушілердің еңбегі ерен. Дәрігерлерге облыс халқының атынан алғысымды айтамын», - деді облыс әкімі Серікбай Трұмов.


Соңғы жаңалықтар