Маңғыстау облысында жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген мұғалімдер анықталды

2022 жылғы 28 қыркүйек, 18:08
Маңғыстау облысында жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген мұғалімдер анықталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында 9 мұғалім мектеп оқушыларын жалған дипломдармен оқытқан. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәселен, Аққұдық орта мектебінің еңбекке баулу мұғалімі жалған дипломмен жұмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 385-бабы 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Қарақия аудандық сотының шешімі бойынша мұғалімге жаза түрінде 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген баспасөз мәліметінде.

Сондай-ақ Ақтау қаласының 2 мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің, Жаңаөзендегі 3 мектепте орыс тілі мен бастауыш сынып мұғалімдерінің, Мұнайлы және Бейнеу аудандарында бастауыш сынып мұғалімдерінің жалған дипломмен сабақ бергені анықталған.

Аталған фактілер бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Фото: lada.kz

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar