Маңғыстау облысында үздік педагогтерге конкурс жарияланды

Фото:
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында үздік педагогтерді анықтау үшін 12 номинация бойынша конкурс жарияланды. Бұл туралы облыстық білім басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқаудың мақсаты – педагогтерді өңірдің білім беру жүйесін дамытуға қосқан ерекше еңбегі үшін көтермелеу.

«Конкурста «Үздік әдістемені ұсынушы», «Ұлттық дәстүрді үздік насихаттаушы», «Үздік цифрлық технологияларды қолданушы», «Орта білім беру ұйымдарының үздік дарынды балалар жетекшісі», «Үздік жетістіктер шебері», «Орта білім беру ұйымдарындағы үздік полиглот мұғалім» сияқты 12 номинация беріледі», - делінген мәліметте.

Жеңімпаздарға «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі мен 500 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы беріледі.


Соңғы жаңалықтар