USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Маңғыстау облысында үй салуға 9,5 мың жер телімі дайындалады

2021 жылғы 5 қазан 10:33
Бөлісіңіз:
Маңғыстау облысында үй салуға 9,5 мың жер телімі дайындалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысын дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында үй салуға арналған 9,5 мың учаскеге инженерлік инфрақұрылым тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Министрлік зейнетақы жинағын депозитке аудару мүмкіндігін түсіндірді Әскерилерді баспанамен қамтамасыз ету тетігі жетілдіріліп жатыр Тұрғын үй мәселесі: Елордада МИБ-ке өтуде қандай қиындықтар кездеседі

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында мәлім етті.

«Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында мемлекет қаражаты есебінен жалпы ауданы 151,2 мың шаршы метр немесе 2,5 мың жалға берілетін және кредиттік баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған», - деді министр.

Оның сөзінше, өңірдегі жаппай тұрғын үй құрылысы жүретін аудандарды қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін 34,7 млрд теңге бөлінеді.

Сол қаражаттың бір бөлігі 9,5 мың жер учаскесін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталмақ.

«Кешенді жоспар шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыруға республикалық бюджеттен 126 млрд теңге қаражат бөлу көзделген.

1867 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілерін, сондай-ақ 3 сумен жабдықтау және 1 су бұру объектісін салу және жаңғырту жоспарланған.

Сондай-ақ, кешенді жоспар аясында жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге 27 көп пәтерлі тұрғын үйді күрделі жөнделеді», - деп түйіндеді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT