+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Маңғыстау облысында үш бала мен анасы газдан уланып, көз жұмды

2020 жылғы 14 ақпан 09:51
Бөлісіңіз:
Маңғыстау облысында үш бала мен анасы газдан уланып, көз жұмды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының Батыр ауылында бүтін бір отбасы газдан уланып қалды. Үш бала мен олардың анасы қаза болды, отағасы мен тағы бір бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кеше, 13 ақпан күні Астана-2 көшесіндегі үйде болған.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-жәрдем қызметіне хабарлама сағат 17.42-де түскен.

«Оқиға орнына 3 жедел-жәрдем бригадасы жіберілді. Оларға «газдан улану» диагнозы қойылды. Анасы 39 жаста, балалар 14, 13 және 2 жаста. Өкінішке қарай, жедел-жәрдем қызметі барғанда олар көз жұмғаны анықталды», - делінген ақпаратта.

43 жастағы отағасы мен мен 9 жастағы бала облыстық ауруханаға жеткізілген.

«Ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы қазір ауыр халде. Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған 2011 жылғы ұлының жағдайы тұрақты ауыр, асқынулар жоқ. Есі анық, гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты», - деді Денсаулық сақтау басқармасынан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT