+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Маңғыстау облысында үлгілі атанған ауылға 7,5 млн теңге сыйақы берілді

2019 жылғы 24 қазан 03:21
Бөлісіңіз:
Маңғыстау облысында үлгілі атанған ауылға 7,5 млн теңге сыйақы берілді

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе кенті «Ең үлгілі ауыл» атағын жеңіп алып, 7,5 млн теңгені иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқауды облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жариялаған. Көшелерді абаттандырып, жасыл-желекке айналдырған ауылда тұрғындар да табиғатты аялауға үлес қосып келеді.

Жасы 70-тен асқан Базарбай Ходжаевтың ауласында 100-ден астам ағаш мәуелеп тұр. 2 сотық жерінде түрлі жеміс-жидек өнім беруде. Қызылтөбе ауылының тұрғыны байқауда «ең жасыл аула» аталымы бойынша үздік атанды. Ақсақал талмай еңбек етудің арқасында он жылда үйін танымастай өзгерткен. Әкесіне балалары қолғабыс жасаған.

«Жазғы, қысқы алмұрт, алма, 10 түптей қысқы алма, нар, айва, жүзім бар. Жеріміз өнімді жақсы береді. Бірақ су жетіспейтін кезі болады. Қиыншылықсыз ештеңе болмайды. Шелектеп құямыз, машинамен тасып суарамыз», - дейді Қызылтөбе ауылының тұрғыны Базарбай Ходжаев.

Ал, «ең үлгілі ауыл» аталымы бойынша байқау тұрғыны 3 мыңнан асатын және 3 мыңға дейін тұрғыны бар елді-мекендер арасында өтті. Нәтижесінде алғашқысы бойынша Қызылтөбе кенті «Ең үлгілі ауыл» атағын жеңіп алып, 7,5 млн теңгені иеленді. Ал, 3 мыңға дейін тұрғыны бар ауыл арасында Сыңғырлау мен Бостан ауылы жеңімпаз атанды.

«Бұл конкурсқа 10 шақты ауыл қатысты. Марапат алған ауылдар қаражатын ауылдың жағдайын, экологиялық ахуалды жақсартуға, ағаш егуге, көгалдандыруға жұмсайды. Осы қаражаттың ішінен үздік болуға атсалысқан азаматтарға 20% дейін сыйлық ретінде берулеріне болады», - дейді Маңғыстау облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құспеков.

Жиында мектепте жылыжай салып, оқушыларды еңбекке баулып жүрген білім ордалары мен балабақшалар да тыс қалмады. Сондай-ақ, экология тақырыбында қалам тербеп жүрген БАҚ өкілдері де марапатталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Маңғыстау облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT