Маңғыстау облысында тұрғын үйлердің бағасын төмендету шаралары қолға алынды - Р.Әміржанов

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Елдегі ең қымбат үйлер Ақтау қаласында. Оны барлық құрылыс материалдарының сырттан әкелінетінімен түсіндіруге болады. Алайда жағдай өзгеріп, енді тұрғын үйлердің бағасын төмендету алғышарттары құрылды. Бұл туралы бүгін саясаттанушы Данияр Әшімбаевпен «Қазақстанның әлеуметтік дамуының проблемалары мен болашағы. Маңғыстау тәжірибесі» тақырыбымен өткен кездесу барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рахымбек Әміржанов айтты.

«Биылғы жылдың жазында «Хейдельберг» цемент зауыты іске қосылды. Қазіргі кезде зауытта 280 жергілікті тұрғын жұмыс істеуде. Бұрын барлық құрылыс материалдары сырттан әкелінсе, енді бізде өзіміздің цементіміз бар. Жылдың соңына дейін екі үй құрылысы комбинаты пайдалануға берілмекші. Зауыт пен үй құрылысы комбинаттары бірлесіп тұрғын үй бағасының төмендеуіне түрткі болады. Бұл бүгін ҚР Президентінің Жолдауында қойған Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі үшін тұрғын үйдің бағасын қолжетімді ету міндетін орындау үшін берік механизм болып табылады. Бұдан басқа, бұл арқылы қосымша жұмыс орындары ашылады», - деп атап өтті ол.

Жақын болашақта, 5 жылда, 7-8 мың жұмыс орны ашылады. 10-15 жылдан кейін бұл сан 20-25 мыңды құрайтын болады. Ол көбінесе теңіздік мұнай кен орындарының дамуымен байланысты, - деді Р.Әміржанов.

Соңғы жаңалықтар