Маңғыстау облысында түлектер кешін ашық алаңда ұйымдастыруға рұқсат

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Маңғыстау облысының мектептерінде соңғы қоңырау шарасы өңірдің бас санитарлық дәрігерінің келісімімен және барлық санитарлық талап сақтала отырып, 25 мамыр күні өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық Білім басқармасының басшысы Светлана Төлебаева мәлім еткендей, соңғы қоңырау салтанатын ұйымдастыру форматы туралы шешімді әр мектеп өзі қабылдайды.

Оның айтуынша, қорытынды аттестаттау аяқталған соң 12-14 маусым аралығында мектеп түлектері үшін ашық алаңда мектеп бітіру кештері ұйымдастырылады.

«Мектеп бітіру кештері биыл «Тәуелсіздік ұландары» тақырыбында өтеді. Орта білім туралы аттестаттар салтанатты жиында табысталады. Оқушылар саны аз мектептер бітіру кешін барлық сынып үшін бір уақытта өткізе алады. Егер түлектер саны көп болса, салтанатты шараны әртүрлі күні өткізуді қарастыру қажет. Шара барысында маскалық режим, әлеуметтік арақашықтық, санитарлық ережелер сақталуы тиіс», - деді Светлана Төлебаева.

Айта кетейік, биыл өңірде 11-сыныпты 7011 түлек бітіреді. Алтын белгіге 227 үміткер, үздік аттестатқа 359 үміткер бар.

Коронавирус бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Маңғыстау облысы «жасыл» аймақта тұр.



Соңғы жаңалықтар