Маңғыстау облысында «Таза табиғат» жобасы аясында түрлі акциялар ұйымдастырылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысында 2500-ға жуық ағаш отырғызылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланы көгалдандыру жұмысы «Мекенім - жасыл елім» атты республикалық акция аясында орындалып жатыр.

Маңғыстау облысы Табиғат ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Динара Еңсегеннің айтуынша, шырша ағашын отырғызуға 5000-ға жуық маман келген.

Оның ішінде басқарма басшылары мен мекеме мамандары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, еріктілер бар. Олар алдымен 17, 18 шағынауданнан бастап 16-19 шағынаудандардың орталық көшелеріне, 32 және 35 шағынаудандағы Қан орталығына дейін шырша екті.

Шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Абзал Меңдібаев та атсалысты. «Таза табиғат» акциясы 5 бағытты қамтиды. «Мекенім - жасыл елім» бағыты бойынша ағаш отырғызса, оқушылар «Бұл - менің ағашым» челленджін өткізеді. Сонымен қатар «Таза су айдындары» бағыты бойынша бұлақ көзін ашу, «Таза жағалау» акциясы ұйымдастырылып жатыр. Қазір жағалау аймақтарына, су қоймалары мен қаумалдарға сенбілік жүргізіліп жатыр», - дейді Динара Еңсеген.

Айта кетейік, акция Президент тапсырмасына сәйкес Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар