Маңғыстау облысында соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден берілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгінде Маңғыстау облысында Екінші дүниежүзі соғысының алты ардагері тұрады. Ұлы Жеңіс мерекесіне орай әрқайсына 1 миллион теңгеден берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір жолғы материалдық көмек басқа санаттағы тұлғаларға да қарастырылған.

Мысалы, Ленинград қоршауында болған екі азаматқа 120 250 теңгеден, Ақтау қаласында тұратын 394 тыл еңбеккеріне 96 200 теңгеден, аудандарда тұратын 325 тыл еңбеккеріне 40 АЕК беріледі.

Соғыс жылдарында екінші рет неке құрмағандар, жесірлерге Ақтау қаласы бойынша 120 250 теңге, аудандарда 40 АЕК теңгеден төленеді.

Сонымен қатар, Екінші дүниежүзі соғысы жылдарында тылда мінсіз еңбек еткендерге Ақтау қаласы бойынша 96 200 теңге, аудандарға 40 АЕК беріледі.

Басқа мемлекеттердің аумағында ұрысқа қатыстан ардагерлерге де жеңіс күніне орай қала бойынша 120 250 теңге, аудандарға 50 АЕК төленеді.

Ал, әскери қызметте мүгедек болған қатысушыларға Ақтау қаласы бойынша 144 300 теңгеден, аудандарда 60 АЕК көмек көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар