Маңғыстау облысында шаңды дауыл салдарынан кейбір жол бөліктеріне шектеу қойылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл соғып, жолдың көрінуі қиындауына байланысты бірқатар жол бөлігінде қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазАвтоЖол ҰК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айтап айтқанда: «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының» Шетпе-Жетібай» учаскесінің 643 -705 шақырымында көліктерге жүруге болмайды.

«Штаттан тыс жағдай туындаса ҚазАвтоЖолдың бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталығына хабарласуға болады. Байланыс нөмірі 1403»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар