Маңғыстау облысында пойыз түйені қағып кетті

None
None
МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында пойыз өтіп бара жатқан түйені қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 11 маусым күні болған. Түйені қаққан пойыз Ақтөбеге қарай келе жатқан.

«Сағат 11:15-тің кезінде Маңғышлақ-Тамақ бағытындағы сағатына 10 километр жылдамдықпен келе жатқан №309 пойыз теміржолдың үстімен өтіп бара жатқан түйені қағып кетті. Машинист дереу тоқтаған. Ол жол-көлік оқиғасына кінәлі емес. Пойызға зақым келген жоқ. Ал түйенің иесіне 12 025 теңге көлемінде айыппұл салынды. Жолдарда жүретін қараусыз қалған жануарлар бізге кедергі келтіреді. Иелері бақылап жүргені дұрыс. Жүргізуші әрдайым жылдам тоқтап үлгермейді, соның салдарынан қиындықтарға тап болуымыз мүмкін», - деді «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар