Маңғыстау облысында мұнай қалдықтарын төккен компанияға 60 млн теңге айыппұл салынды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті Қарақия ауданы тұрғындарының шағымынан кейін «VOID» мекемесіне жоспардан тыс жүргізген тексерудің нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті тұрғындардың шағымына байланысты экологтар оқиға орнына барып, онда мұнай қалдықтарының төгілгенін растады. Зақымдалған аумақтан топырақ сынамалары алынған. Сынама нәтижелері бойынша заңға сәйкес залалдың есебі жүргізілді.

«Тексеру барысында ҚР Экологиялық Кодексінің 87, 106, 238 және 320-баптарында көзделген талаптардың бұзылғаны анықталды. Кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 59 млн 728 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді», - делінген департамент мәліметінде.

Айта кетсек, тексеру Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ерекше бақылауында болды.

Бұған дейін өңірдегі Қарақия-Қаракөл мемлекеттік зоологиялық қаумалының бөлігі – Қаракөл көліне құйылып жатқан қара түсті сұйықтықтан сынама алынған еді.


Соңғы жаңалықтар