Маңғыстау облысында мектеп бітіруші түлектер төбелесті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы ауылда екі мектеп оқушылары арасында төбелес болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Аталмыш жанжалдың видеосы желіде жарияланды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша 25 мамыр күні сағат 11.00-де Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында Ж.Қалдығараев және Ы. Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Оқиға орнында 7 адам ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, мектептердегі соңғы қоңырауға байланысты полиция күшейтілген қызмет көрсету режиміне көшті.

Маңғыстау облысының полиция департаменті түлектердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалар үшін жауапкершіліктің бар екендігін ескертеді және осы күні мектеп оқушыларын қадағалауды күшейтуге шақырады.

Соңғы жаңалықтар